03 ақпан 2015 18:34

Ақтөбе облысында жұмыс орнында былапыт сөз айтқан Қырғызстан азаматына айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ақтөбе облысында Қырғызстан азаматына жұмыс орнында былапыт сөз айтқаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында Қырғызстан азаматына жұмыс орнында былапыт сөз айтқаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, Қандыағаш қаласындағы "К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас инженер болып жұмыс істейтін Қырғызстан азаматы жұмыс уақытында, қоғамдық орында айналасындағы адамдарға құрметсіздік көрсетіп, бас технологқа қарата боқтық сөз айтқан.

"Мұғалжар аудандық соты жасалған әкімшілік құқықбұзушылық пен қоғамдық қауіптің деңгейін есепке ала отыра, шетелдің азаматына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлімі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 19 820 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жаза кесті", - делінген баспасөз хабарламасында. Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Қызылорда облысында тағы бір азамат осындай заңбұзушылығы үшін сотталған болатын. Мас ер адам "Бибінұр" базарының алдындағы қоғамдық орында айналадағыларды сыйламай тұрғанын түсіне отырып, бір әйелді боқтаған. Сөйтіп, ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 330-бабының 1-бөлігінде қарастырылған ұсақ бұзақылықты жасады, сол үшін оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот оны айыпты деп танып, 9260 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын белгіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети