04 қазан 2016 15:28

Ақтөбе облысында жүргізушілерден жүйелі түрде пара алып отырған полицейлер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kapital.kz © kapital.kz

Ақтөбе облысында жүргізушілерден пара алып отырған қылмыстық топтың беті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының департаментіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында жүргізушілерден пара алып отырған қылмыстық топтың беті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандар облыстық ІІД ЖПҚ (жергілікті полиция қызметі) қызметкерлері болып шықты. "Старшина Бижанов, старшина Еркінов және сержант Шадыманов жүргізушілерді әкімшілік жазаға тартпас үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Осылайша 80 мың теңге көлемінде кезекті рет пара алу кезінде полицейлер қолға түсті", - делінген хабарламада. 

Ұлттық бюродан айтып өткендей, ұсталған полицейлер кінәсін толық мойындады. Қазіргі кезде қызметтік тұлғалар Ақтөбенің уақытша қамау абақтысына жабылды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети