27 желтоқсан 2022 | 09:04

Ақтөбе облысында қаза тапқан 14 жастағы баланың ата-анасы әділдік іздейді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының жұмбақ өліміне қатысты ата-анасы жан-жақты тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Қара жамылған отбасы балаларының әлімжеттіктен көз жұмғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының жұмбақ өліміне қатысты ата-анасы жан-жақты тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Қара жамылған отбасы балаларының әлімжеттіктен көз жұмғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылында тұратын Руслан Жалмұратов "Ұлымды өзінен ересектер ұрып өлтірді" дейді.

Үш күн бұрын баласын жерлеген әке 14 жастағы Рүстемді 11-сыныптың оқушылары тепкілегенін айтады. Ауыр соққыдан бала сол жерде қайтыс болған.

Есінен танып, бірден демі үзілген оқушыны сол жердегілер медбикенің үйіне жеткізіпті. Алайда тәртіп сақшылары марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ деп мәлімдеме жасаған. Дегенмен сараптама тағайындалған. Ал ата-анасы марқұм ұлына әлімжеттік көрсеткен ауыл балаларының жазаланғанын қалайды.

"Менің баламды қатты тепкен. Сол тепкіден тізерлеп отырып, кейін құлаған. Сол арада тіл тартпай кеткен. Бетіне қар шашқан, қасындағы балалары. Болмаған соң, сол көшедегі медбикенің үйіне көтеріп апарған. Баламды қасақана өлтіргендерге қатысты шара қолдануды сұраймын", - дейді марқұмның әкесі Руслан Жалмұратов.

Жасөспірімнің жүрегі ауырғаны туралы ақпаратты отбасы жоққа шығарады. Олар жігіттің денсаулығы жақсы болғанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети