Ақтөбе облысында құрамында спортшылар бар қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында құрамында спортшылар бар қылмыстық топ ұсталды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Атырау облысында ҰҚК, прокуратура және полиция қызметкерлері спортшылар мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында ҰҚК, прокуратура және полиция қызметкерлері спортшылар мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 шілдеде ҰҚТ-ның 4 белсенді мүшесі ұсталды. Олардың және жақын таныстарының тұрғылықты жерлерінен 3 әртүрлі қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, тәрікіленді.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, топ мүшелері ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен ("Атырау-Орал-Атырау"), оның ішінде күш қолдану арқылы қорқытып, ақшалай қаражат бопсалап отырған.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-ның 194-бабының 2-бөлігі ("Бопсалау") бойынша соталды тергеу басталған. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалып, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алған.

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети