08 маусым 2018 17:58

Ақтөбе облысында мас ер адам әкімнің көлігін айдап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында мас ер адам әкімнің көлігін айдап кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбе облысында мас ер адам әкімнің көлігін айдап кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға Алғын ауданы Қарабұлақ ауылында болған. Ауылдық округтің әкімі  "УАЗ" көлігін Талғат есімді жігітке жөндеуге қалдырып кеткен. Сол кезде көлік жөндеуі тиіс ер адам ішімдік ішіп, әкімнің көлігін мініп, дүкенге барып келмекші болған.

Кейіннен полицейлер көлікті ауылдағы көшелердің бірінен тапқан. 57 жастағы ер адамның мас күйде, онымен қоса, көлік жүргізуге құқығы болмағаны анықталды. Ол 2016 жылы мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

"Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Округ әкімі сот барысында көлікті жөндеу үшін қалдырып кеткенін, ал өзі Ақтөбеге кеткенін айтып түсіндірді. Бұл жағдай жайлы ол учаскелік полицейден естіген. Сот оны 2 жылға бас бостандығынан айырды", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети