Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызына бірнеше жерден пышақ салған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызына бірнеше жерден пышақ салған

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 6 қазанға қараған түні қанды оқиға болды. Ауыл мектебінің директоры өз үйінде әйелі мен қызына бірнеше жерден пышақ салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жүкті әйелі мен сегіз жасар қызы пышақ жарақатынан зардап шеккен. Қанды оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Полиция ер адамды дереу қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастады.

"Шалқар облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау шаралары аясында өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді ПД Ақтөбе облысы бойынша баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Облыстық білім басқармасы ер адам мектеп директоры болып жарты жыл жұмыс істегенін, бұған дейін аудандық білім бөлімінде қызмет атқарғанын айтты. Ол оқиғадан кейін бірден жұмыстан шығарылған.

"Ол қарапайым отағасы, жақсы жұмысшы ретінде көрінетін. Сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. 6 қазан жұмыстан босатылды", - деді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жолдас Бытырхан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети