Ақтөбе облысында 2010 жылы мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың басшысы болды делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында 2010 жылы мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың басшысы болды делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ІІМ мәліметінше, ұсталған адам 2010 жылдың қарашасынан желтоқсанға дейін қылмыстық топты құрып, Ақтөбе облысының аумағында терминалдардан мұнай ұрлығымен айналысқан.
"Қаскүнемге мұнай құбырын тесіп, насос жалғаса болғаны - 20-40 минутта бір автоцистернаны толтырады. Ары қарай ұрланған шикізатты жалған құжатпен сатады. Осындай "қара алтын" ұрлығымен айналысқан, бұрындары іздеуде жүрген 54 жастағы ер адам жедел-профилактикалық шаралар барысында ұсталды", - делінген хабарламада.
Үш күн ішінде 74 қылмыскер ұсталды, олар іздеуде жүрген, сонымен қатар өткен жылдары іздеуде болған адамдар да ұсталды. 1874 қылмыстың беті ашылды.