30 мамыр 2017 | 17:06

Ақтөбе облысында мұнайдың қалай ұрланып жатқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ult.kz © Ult.kz

Ақтөбе облысының прокуратура өкілдері өңірде мұнайдың қалай және қандай көлемде ұрланғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының прокуратура өкілдері өңірде мұнайдың қалай және қандай көлемде ұрланғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков брифинг барысында осы мәселені сөз етті. Ол есепті автоматтандыру талабына қарамастан кей компаниялар ескі тәсілдерді қолданып жатқанын атап өтті. Шикізат орталықтандырылған коллекторға емес, жеке ыдыстарға құйылады. Ал кейін өндірілген мұнай сызғышпен өлшенеді екен. 

"Бұл адал емес қызметкерлерге мұнайдың бір бөлігін жасырып, сатуға мүмкіндік береді. Нақты мысал, "Сагиз Петролеум Компани" арызы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазіргі кезде операторлар, шеберлер мен күзетшілер түнде өндірілген мұнайдың бір бөлігін сатып отырғаны анықталды. Осылайша 530 тонна мұнай ұрланғаны анықталды", - дейді Сүйіндіков. 

Прокурордың орынбасарының сөзінше, мұнай қараусыз немесе тоқтап тұрған кен орындарынан ұрланады. Мәселен бес адамнан құралған қылмыстық топ тоқтап тұрған кен орнынан 50 тонна мұнай ұрлаған. Сот шешімі бойынша бұл тұлғалар мүлкі тәркілене отырып, үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

"Кей компаниялар мұнайдың бір бөлігін техникалық ақаулар мен өз қажеттіліктеріне жұмсалғанын айтады. Ал мұндай шығындарды есептеуге мүмкіндік жоқ", - деп түсіндірді ол. 

Прокуратура өкілдерінің мәліметі бойынша, рұқсат беру процедураларынан жалтару үшін, мұнай ел аумағынан өзге мұнай өнімдері түрінде шығарылады. 

"Мысал ретінде Молдова, Қазақстан мен Армения азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топты алуға болады. 2012-2013 жылдары олар атмосфералық ажырату қалдықтары деген сылтаумен мұнай шығарып отырған. Қылмыскерлер мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге сотталды. Соңғы бес жылда облыста мұнай ұрлауға қатысты 160 қылмыстық іс тергелген, ал олардан келген шығын жеті миллиард теңгеден асады", - деп мәлімдеді Сүйіндіков. 

Ақтөбе облыстық прокуратурасы мамандармен біріге отырып, мұнай ұрлауға бөгет болатын ұсыныс даярлады. Мұнайды автоматты түрде есептеу, кен орындарын қорғауда заманауи технологияларды қолдану, мұнай жеткізудің арнайы есебін енгізу сияқты бірнеше ұсыныс жасалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети