09 тамыз 2016 | 13:06

Ақтөбе облысында өкілеттілігін асыра пайдаланған жеке күзет қызметкерлері сотқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2016 жылдың 5 шілдесінде Ақтөбе қалалық №2 сотына "Лига" ЖШС-нің күзет агенттігінің күзетшілері Е., К., А. және Ж. есімді азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 252-бабының 2-бөлігі бойынша ("Күш қолдану және арнайы құралдарды қолдану арқылы жеке күзет қызметкерлерінің өкілеттілігін асыра пайдалану") қылмыстық іс түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Іс материалдарына сәйкес, олар "Лига" ЖШС-нің күзет агенттігінің күзетшілері бола тұра, 2016 жылдың 6 наурызында шамамен сағат 02.50-де Сәтбаев көшесіндегі "Ставка К" букмекерлік контораға шақырту бойынша келген. Содан "Ваз-21114" автокөлігіне отырып жатқан азаматтарды көріп, қызметтік нұсқаулықтарын бұзып, өз өкілеттіліктерін асырып, күзет қызметі жүйесінің талаптарын бұзып, автокөлікке жүгіріп жеткен. Содан төрт азаматты автокөліктен күш қолдану арқылы шығарып, арнайы құрылғыларды заңсыз пайдаланған.

Қылмыстық қудалау органдарының мәліметінше, азаматтар жеке күзет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсетпеген.

Ақтөбе қалалық прокуроры мен сотталушылардың арасында жасақталған процессуалдық келісімде прокурор сотталушыларға есімді азаматтарға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, күзет қызметімен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырып, жазасын ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы бойынша шартты түрде деп белгілеген.

Алайда, сот жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, қылмыстың жасалу мән-жайларын, оның күзет қызметкерлерімен жасалғанын ескеріп, Ақтөбе қалалық прокурорымен ұсынылған жаза жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың ауырлығына сәйкес келмейді деп, яғни шектен тыс жеңілдігі салдарынан әділетсіз деген тұжырымға келген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети