01 шілде 2015 | 17:56

Ақтөбе соты депутат Өндіргеновтің 500-ден аса автобусын қамауға қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Diapazon.kz ©Diapazon.kz

30 маусымда Ақтөбе қалалық соты "Автопарк" ЖШС компаниясының 537 рейс автобусын қамауға қойды. Кәсіпорын иесі, мәслихат депутаты Мейіржан Өндіргенов ақша жымқырды және бопсалады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Kapital.kz.   


Иконка комментария блок соц сети

30 маусымда Ақтөбе қалалық соты "Автопарк" ЖШС компаниясының 537 рейс автобусын қамауға қойды. Кәсіпорын иесі, мәслихат депутаты Мейіржан Өндіргенов ақша жымқырды және бопсалады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Kapital.kz.   

Алайда сот автобустарды желіден шығармау туралы шешім шығарды. Алайда автопарк бұдан былай қамауға қойылған автокөліктермен қандай да бір келісім жасаса алмайды. Жұмсап қоюға және басыбайлы беруге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Сонымен қатар, сот Мейіржан Өндіргеновтің үлесі бар тағы екі компанияның ("Ақ Жол" ЖШС және "Мизам" ЖШС) автокөліктерін қамауға қойды. Сонымен қатар, өзге адамның атына ашылған есепшоттан 35 миллион теңгенің тәркіленгені анықталып отыр. Жауап алу кезінде есепшоттың иесі бұл қаражаттың Мейіржан Өндіргеновтікі екенін мойындады.

Еске салайық, Мейіржан Өндіргенов 30 мамырда аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын. Депутат екі айға қамауға алынды. Депутатқа тағылып отырған айыптау баптары 7 жылдан 15 жылға дейін мүлкін тәркілеу арқылы бас бостандығынан айыруды және 200 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады.

Осыған дейін кәсіпкердің бұрынғы серіктесі Бауыржан Пірманов тілшілерге Өндіргеновтің қаржы махинациясы жайлы айтып берген болатын. "Құрылтайшы Өндіргеновпен келіспеушіліктер көп болды, мен 2012 жылы жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Келіспеушіліктер салық салу ісіне келгенде басталды. Оның үлкен жақтаушылары болды, бірақ қазір оның басы дауға қалды. Ол менің арызым арқылы бопсалау бойынша қамауға алынды. 2012 жылы мен бәрін оның атына жазып бердім. Ол өз атына жаздыруға мәжбүр етті, көлікті алып қойды. Ол бәрін сатып ала алатынын айтты. Бұрын "Автопарк" ЖШС-ның күн сайынғы табысы 5,6 миллион теңге болған, жол жүру құны қымбаттағаннан кейін шамамен 8 миллионға өсті. Сонымен қатар, жыл сайын автопарк бюджеттен 800 миллион теңге алып тұрады. Салық есебінде ол тақырға отырғанын мәлімдейді, ал бұл табысы қыруар ЖШС. Ол екі жақты бухгалтерия ұстады, қаражатты компанияға аударды. Тінту жүргізілгенде оның қыруар қаржысы тәркіленді. Оны адамдар машинкамен 5 сағат санады", - деді Пірманов.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети