Ақтөбе тұрғыны банктің жалған қызметкерінен алданып, 22 миллион теңгесінен айырылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны банктің жалған қызметкерінен алданып, 22 миллион теңгесінен айырылды Фото: elements.envato.com

Ақтөбе тұрғыны банктің жалған қызметкерінен алданып, 22 миллион теңгесінен айырылып қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны банктің жалған қызметкерінен алданып, 22 миллион теңгесінен айырылып қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 30 мамырда тұрғынға банк қызметкері болып танысқан ер адам қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операция банк жүйесінде қалыпты екенін айтып, шотты қауіпсіздендіру үшін телефонға келген SMS-кодты айтуын сұраған. Кодты алғаннан кейін алаяқ бүкіл ақшаны жәбірленушінің картасынан басқа банк шотына аударып алған. Жалпы шығын 22 миллион теңгеден асқан.

"Қазіргі уақытта факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") соталды тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети