31 қазан 2017 | 08:54

Ақтөбеде 40 жастағы педофил інісінің қызын алты жыл бойы зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында 12 жастағы қызды алты жыл бойы зорлап, азғырып келген ер адамға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Timeskz.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында 12 жастағы қызды алты жыл бойы зорлап, азғырып келген ер адамға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Timeskz.kz.

Сотта 40 жастағы ер адамның 2016-2017 жылдар аралығында інісінің асырап алған қызын зорлағаны анықталды. Қыз бұл сұмдықтың бәрін шешесінен жасырып қалған. Сотқа дейінгі тергеу барысында қыздың 6 жастан бастап зорланғаны анықталған. Құқық қорғау органдары педофилді ұстап, қамауға алған.

Сот ер адамды кәмелетке толмаған адамға қатысты күш қолданып жыныстық қатынас жасады және жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланды деген тоқтамға келіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 124-баптарының негізінде 17 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын барынша қауіпсіздік деңгейіндегі атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, сотталушы балаларға қатысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Келтірілген моральдық шығынды (1 миллион теңге) өтеу туралы азаматтық талап-арыз толықтай қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети