18 қазан 2016 10:12

Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы басталды, - деп хабарлайды "Ақтөбе Ақпарат". Алдын ала сот отырысы жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де) басталды. 


Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы басталды, - деп хабарлайды "Ақтөбе Ақпарат". Алдын ала сот отырысы жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де) басталды. 

Сот отырысы Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Айта кетейік, сот отырысына 29 адам қатысады. Олардың 9-ы қылмыстық ереже бұзушылықпен қоса террористік актіге қатысқаны үшін айыпталып отыр. Ал қалған 18 қатысушыға террористік қылмыс жайлы айтпағаны үшін айып тағылса, тағы екеуі қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп айыпталды.

Айта кетейік, қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Осы іс бойынша 215 түрлі сот-медициналық сараптама мен 26 тергеу жұмыстары жүргізілген. Облыстық прокуратурадағылардың келісіміне сәйкес, күдіктілерді қамау мерзімі 4 айға дейін созылған. Ал 7 қазанда қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілген болатын.

Сотталушылардың мүддесін 27 адвокат қорғайды. 48 адам куәгер ретінде қатысса, 88 адам зардап шеккендер ретінде сотқа шақырылады. Атышулы істі сотта қарастыру барысын хабарлап отыру үшін, журналистерге сот залынан онлайн-трансляция жүргізілетін арнайы орын бөлінді.

 
Сот ғимараты

Еске салайық, Ақтөбедегі теракт кезінде жеті адам қаза болған. Олардың үшеуі әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар. Жарақат алғандар саны 30 шақты. Террористер қаладағы әкімшілік ғимараттар мен түрмені басып алмақ болған.

Дәстүрлі емес дін ағымының 25 өкілі "Пантера" және "Паллада" қару дүкендеріне, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған. Ол кезде Қазақстанда алғаш рет террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети