30 шілде 2014 | 16:46

Ақтөбеде анасы мен қызы сәбиді сатпақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ақтөбеде бала саудасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде бала саудасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция 48 жастағы әйел мен оның 24-тегі қызын ұстады. Әйел қызының жаңа туған сәбиін сатып жібермек болған. Тергеудің мәліметінше, ол сәби дүниеге келмей тұрып-ақ сатып алушыларды іздестірген. Әйел сәби үшін екі бөлмелі пәтердің құнын сұраған. Бірнеше кездесуден, телефон әңгімесінен соң әйел немересін 1,6 млн теңгеге сатуға келісім береді. 

Сәби 27 шілде күні дүниеге келген, әйел сатып алушылардан ақшаны дереу беруді талап етеді. 29 шілде күні әйел мен оның қызы сәбиді беріп жіберіп жатқан кезде ұсталды. Перзентхана құжаттары тәркіленді. Балалар полициясы бөбекті сәбилер үйіне беру мәселесін қарастырып жатыр. Бала сатушылар тұтқындалды, оларға қатысты "Алдын ала сөз байласу арқылы топ болып, кәмелетке толмағандарды сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети