22 маусым 2016 10:17

Ақтөбеде "Арлан" арнайы бөлімше командирінің орынбасары қамауға алынды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде облыстық ІІД арнайы мақсаттағы "Арлан" бөлімшесі командирінің орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбеде облыстық ІІД арнайы мақсаттағы "Арлан" бөлімшесі командирінің орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Істің материалдарына қарағанда, 28 жастағы Кенжеғали Бүркітов төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыс болған жағдайда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік күзетінде жұмыс істеген.

Тергеудің мәліметінше, 2013 жылдың шілде айынан 2016 жылдың сәуір айынан облыс аумағында бірнеше адам мұнай ұрлаумен айналысқан. Сонымен қатар, құжаттар бойынша, оларды тасымалдап, сатқан. 2016 жылдың қыс айларында Бүркітов ұрыларға ақшалай сыйақы үшін қорғаймын деп ұсыныс айтқан. Ол ұрыларға ұрланған мұнайы бар жүк көлігінің еш кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз етуі керек болған. Істің материалдары бойынша, Бүркітов өзінің бұл қызметі үшін 20 миллион теңге сұрапты. Айта кетейік, ұрланған мұнайы бар жүк көліктері Темір ауданынан Ақжар-1 мен Ақтөбеге қарай өткен.

Бүркітов өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Басылымның мәліметінше, тергеу изоляторына ІІД жол-көлік патрульдік полициясының рота қызметкері 26 жастағы Әділжан Елеусізов те қамалды. Елеусізовтің де бұл іске қатысы бар болуы мүмкін.

Айта кетейік, 14 маусымда сот Мирболат Нияровты қамау мерзімін ұзартқан болатын. Тергеудің мәліметінше, Нияров әкесінің Ақжар-1-де орналасқан бақшасында ұрланған мұнайды жасыру үшін қойманы дайындап, цистернасы бар 15 КамАЗ көлігін сатып алған. Сонымен қатар, әділет органдарында жалған келісімдер жүргізу үшін ЖШС ашқан, ал өзінің сыбайласын менеджер етіп қойған. Айта кетейік, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети