24 қаңтар 2019 17:39

Ақтөбеде банк күзетшісі жұмысқа барар жолда букмекерлік кеңсені тонаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі банктердің бірінің күзетшісі жұмысына барар жолда букмекерлік кеңсені тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Ақтөбедегі банктердің бірінің күзетшісі жұмысына барар жолда букмекерлік кеңсені тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

23 қаңтарда шамамен таңғы сегізде Ақтөбенің Шернияз көшесінде орналасқан букмекерлік кеңсеге белгісіз біреу келіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ашық түрде 129 мың теңгені алып кеткен. 

"Полицейлер ізін суытпай күдіктіні ұстады. Ол қаладағы банктердің бірінде күзетші болып жұмыс істейді. Одан ұрланған қаражат пен ойыншық тапанша тәркіленген", - дейді полиция департаментінің өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети