Ақтөбеде белгісіз біреулер емхана дәрігерін жұмыс орнында өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".
Ақтөбеде белгісіз біреулер емхана дәрігерін жұмыс орнында өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".
Басылымның мәліметінше, отбасы дәрігеріне кабинетінде пышақпен шабуыл жасалған. Қалалық Денсалық сақтау басқармасы мен прокуратуре өкілдері бұл мәліметті растады Оқиға 7 маусымда сағат 12.00-де болған.
"Сағат 12:01-де жедел жәрдем станциясына емханадан хабарлама келіп түсті. Сағат 12:10-да жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында болды, ал сағат 12:35-те науқас теміржол ауруханасына жеткізілді. Жарақаттар алған. Зардап шеккен ер адамға кішігірім ота жасалды. Бүгінде жағдайы тұрақты, жақсы. Бірақ сауығып кетті деп айтуға әлі ерте", - деп хабарлады Ақтөбе қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мамбетжанова.
"Осыдан кейін (шабуылдан кейін) кім дәрігер болып жұмыс істегісі келеді? Зардап шеккен адам жас, жасы 26-да. (...), - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
Прокуратура өкілдері әлі іс материалдарының келмегенін айтады. Бірақ олар бұл мәліметті растады және кейінірек толығырақ мәлімет беруге уәде берді.