05 маусым 2016 | 18:14

Ақтөбеде болған атыстардан 20-дан аса адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде болған атыстардан 20-дан аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың жедел медициналық жәрдем станциясына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде болған атыстардан 20-дан аса адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың жедел медициналық жәрдем станциясына сілтеме жасап.

"Зардап шеккендер өте көп (...) Нақты мәліметті айта алмаймын, барлық бригада осында. Көптеген бригада оқиға орнына барып жатыр. 20-дан аса адам зардап шекті, ал қаза тапқандар жайлы айта алмаймын", - деді ауруханадағылар.

Зардап шеккендердің қатарында бейбіт тұрғындар мен қару-жарақ дүкенінің қызметкерлері де бар болып шықты. 

Алдын ала мәлімет бойынша және куәгерлердің айтуынша, мән-жайы әзірше белгісіз арнайы операция үш ауданда өтіп жатыр - бесінші ықшамаудан, Филармония және "Паллада" қару-жарақ дүкені. Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, бұл аудандарды полиция қоршауға алған. Оқиға орнында жедел жәрдемнің бірнеше бригадасы бар. Бейресми мәліметтер бойынша, белгісіздер "Пантера" деп аталатын қару-жарақ дүкенін тонап кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети