Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы қызметкері Қуат Шамұратов жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы қызметкері Қуат Шамұратов жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Шамұратов ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Кейін жұмысын тастап, жеке кәсібін бастаған.
Туыстарының айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейін оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігі ("Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру") бойынша іс қозғалған.
Алайда майордың туыстары оған тағылған айыпқа сенбейді. Шамұратов қарт ата-анасымен, төрт бала тәрбиелеп отырған әке.
"Балам наразылыққа соңынан қосылды. Ол қалай ұйымдастырушы болады?" - дейді күдіктінің анасы Маржан Серікбаева.
"Тәртіпсіздікке шыққандар бастамашыл топты сайлады, бірақ Қуат оның құрамына кірмеді. Наразылыққа шыққандар арасында агрессивті жастар пайда болған кезде Қуат полиция шақырған. Балам кінәлі емес екенін айтты. Кінәсін мойындату үшін аяусыз соққыға жығылған. Оны емделуге жібермей отыр. Адвокаты Тоқаевқа өтініш жазды", - деді күдіктінің әкесі, бұрынғы әскери қызметкер Болат Шамұратов.
Жағдайдың анық-қанығын анықтау үшін басылым журналистері Ақтөбе облысының прокуроры Марат Қайыпжановтың атына сауал жазды, бірақ әлі жауап жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!