04 маусым 2019 | 21:30

Ақтөбеде экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі 1,7 миллион теңге пара алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі 3 жыл бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі 3 жыл бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Б. Мерейге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын. Ол заңсыз кәсіпкерлік қызметі туралы қылмыстық істі тоқтатуы үшін жеке фирманың басшысынан 1,7 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша күдікке ілінген.

"Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Мерей заңсыз іс-әрекет үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды", - делінген хабарламада.

Оның сондай-ақ "3-санатты біліктілік сыныбы" арнайы атағынан айырылғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети