29 наурыз 2017 | 16:39

Ақтөбеде кафе әкімшісін өлтірді деген күдіктілер екі айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіндегілер Ақтөбедегі кафе әкімшісінің өліміне байланысты пікір білдірді. Ер адам кафе қонақтарының бірінен есеп айырысуды сұраған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кафе әкімшісін өлтірген күдіктілер сот үкімімен қамауға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіндегілер Ақтөбедегі кафе әкімшісінің өліміне байланысты пікір білдірді. Ер адам кафе қонақтарының бірінен есеп айырысуды сұраған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, кафе әкімшісін өлтірген күдіктілер сот үкімімен қамауға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұсталғандар қаза тапқан ер адаммен бір сыныпта оқығаны анықталды. Тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер") бойынша жүргізіліп жатыр. 


Әсет Оразбай

Оқиға 21 наурызда түнгі уақытта болған. "Достар" кафесі әкімшісі 31 жастағы Әсет Оразбайдың мәйіті өзі жұмыс істейтін жердің маңынан табылған. Куәгерлердің айтуынша, ол кафеге келушілердің есеп айырыспағаны үшін жанжалдасып, артынша қаза тапқан. Ер адамның мәйітін бірнеше метрге көлікпен сүйреген. 

Біраз уақыт өткеннен кейін екі күдікті ұсталды - Ақтөбенің 29 және 32 жастағы тұрғындары. 

Қайтыс болған ер адамның артында төрт баласы қалған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети