29 қараша 2019 12:03

Ақтөбеде қаржы бөлімінің басшысы миллионнан аса ақша жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі қаржы бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Ақтөбе облысы бойынша "Сот әкімшілігі" РММ қаржы бөлімінің басшысын әшкереледі.

"Ол өзіне негізсіз артық мөлшерде жалақыны есептеп, жалпы сомасы 1 миллион 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети