Ақтөбеде кепілге алынған қыз мәлімдеме жасады

17 Наурыз 2017, 18:18
0
Ақтөбеде кепілге алынған қыз мәлімдеме жасады -

Ақтөбеде кепілге алынған қыз өмірін аман алып қалған полицейлерге алғыс айтты, - деп хабар Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері БАҚ өкілдерін шақырып, баспасөз мәслихатын өткізді. Оған стоматологиялық емхананың әкімшісі қатысты. Ол арнайы операция кезінде көзі жойылған Абылай Тілеуовтің кепілінде болған еді. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, БАҚ өкілдері сұрақ қоя бергендіктен кепілде болған қыз өзі баспасөз мәслихатын өткізуге келісім берген. Шараға Әсем бет-әлпетін жауып тұратын көзәйнекпен келді. 

"Мәлімдеме жасағым келеді. Қайта-қайта сұрақ қоя бермеңіздер, аты-жөнімді атай бермеңіздер. Ол жақта болған оқиға (Тілеуовтің кепілінде болған сәт туралы айтып отыр - Авт.) қорқынышты болды және сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Полицейлердің әрекетіне баға беретін мен емес. Оларға алғысым шексіз екенін ғана айта аламын. Себебі не мен тірі қаламын, не ол тірі қалатын еді. Тірі қалғаным үшін ризамын. Басқа ештеңе айтқым келмейді. Ештеңе", - деді Әсем. 

Осы сөздер кейін ІІД өкілдері баспасөз мәслихатының аяқталғанын хабарлады. 

Еске салайық, Ақтөбеде жергілікті тіс емдеу мекемесінде арнайы операция өтіп, тіс дәрігерін кепілде ұстаған ер адамның көзі жойылған еді. Ер адам бұрынғы әйелін алып келуін талап еткен, бұл талабы орындалмаса кепілдегі әйелді өлтіремін деп қорқытқан. Оқиғаның видеосы пайда болды. Жергілікті тұрғын тіс дәрігерін мекеме ғимаратының ішінде кепілге алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл стоматологияда оның бұрынғы әйелі жұмыс істеген. Оқиға кешкі уақытта болғандықтан, медмекеменің ғимаратында клиент болмаған, тек персоналдан бірнеше адам қалған. Оқиға "Батыс" ауданында болды. Кейін оқиғаның видеосы жарияланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай