01 тамыз 2019 11:26

Ақтөбеде көлік ұрлаған екі жігіттің бірі жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reono © Reono

Ақтөбеде екі жігіт көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбеде екі жігіт көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 шілдеде шамамен түнгі 01:05-те екі жігіт ВАЗ 2110 автокөлігін ұрлап кеткен. Көлік иесі Заречный ауданындағы азық-түлік дүкендерінің біріне келіп, көлікті сөндірместен зат алуға кіріп кеткен. Осы кезде екі жігіт автокөлікті ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Бірнеше шақырым жүргеннен соң Орск - Ақтөбе айналма жолда, көлік ұрылары басқаруды игере алмай, жолдан шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы алған жарақатынан жедел жәрдем каретасында ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Көлік тізгінінде болған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы ("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети