© skachat-kartinki.ru
Ақтөбелік тұрғындар сауда үйін тонады делінген күдікті қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.
Ақтөбелік тұрғындар сауда үйін тонады делінген күдікті қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.
27 шілдеде 50 жастағы Ақтөбе тұрғынына тиесілі дүкеннен 5 литрлік пластикалық бөтелкеге салынған құрт өнімдерін ұрлап кеткен.
Қаскөй ұсталды. Ол бұрындары сотталған Ақтөбе қаласының 45 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Баспасөз қызметінің мәліметіәнше, ол ешқайда кетпеу туралы тілхат жазып, үйіне жіберілді. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.