Ақтөбедегі №20 мектептің экс-директоры өз зейнетақысынан 30 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды "Диапазон".
Ақтөбедегі №20 мектептің экс-директоры өз зейнетақысынан 30 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды "Диапазон".
Ольга Бажитова асхананы жалға алушылардан 500 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Айта кетейік, оның зейнеткерлікке шығуына бір ай қалған. Бажитова ол ақшаның асхананы жөндеу жұмыстарына кететінін айтып ақталды, оның айтуынша, таяуда аттестация болады. Ол білім беру саласында 37 жыл жұмыс істеген.
Мамыр айында экс-директорға 30 миллион теңге көлемінде айыппұл төлету туралы үкім шықты. Алайда Бажитова үкімге шағым түсіріп, мүлкін тәркілеудің заңсыз екенін, ал айыппұлды тым қатал әрі бұл жаза жасалған қылмыс пен айыпталған тұлғаға сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Одан кейінгі инстанцияларда үкім заңды күшінде қалды. Сонымен қатар, заң бойынша, егер салынған айыппұл белгіленген уақыт ішінде төленбесе, айыпталушының бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әділет департаментіндегілердің мәлімдеуінше, 30 миллион теңге айыппұл толықтай төленуі үшін бұрынғы директордың зейнетақысынан 50 пайыз ұсталып отырады.