Кеше | 08:42

Ақтөбеде мұғалім мен тіс технигі есірткі жасап, адам өлтірумен айналысқан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
фото:depositphotos.com фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 26 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен, 28-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі 7,10-тармақтарымен айыпталған "Ж" және ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен, 99-бабының 2-бөлігі 7,10-тармақтарымен айыпталған "С" қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 26 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен, 28-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі 7,10-тармақтарымен айыпталған "Ж" және ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен, 99-бабының 2-бөлігі 7,10-тармақтарымен айыпталған "С" қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тағылған айып бойынша, тарих пәнінінің мұғалімі "Ж" және стоматологиялық кабинетте тіс технигі "С" адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындаған және сақтаған.

Сонымен қатар, "Ж" алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, басқа қылмысты жасыру мақсатымен, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, яғни өлтіруді ұйымдастырған және оған басшылық жасаған, ал "С" алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, басқа қылмысты жасыру мақсатымен, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқан, яғни өлтірген.

Сотта анықталды

Сотта анықталғандай, "Ж" және "С" адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, 2023 жылдың наурыз айы мен 2024 жылғы 13 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында орналасқан гараж кооперативінен гараж жалға алып, онда психотроптық заттарды дайындайтын жасырын лаборатория ұйымдастырып, өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды, атап айтқанда "мефедронды" заңсыз дайындаған және сақтаған.

Дайындаған психотроптық заттарды өткізу үшін"Ж" танысы "Т" арқылы "Н"-ге психотроптық заттарды таратуға ұсыныс жасаған. Алайда "Н" ұсыныстан бас тартқан.
2024 жылғы қаңтарда "Н" әкімшілік құқық бұзушылық жасап 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, сонымен қатар оның үстінен өткізу мақсатынсыз есірткі сақтау айыбымен қылмыстық іс қозғалған.

"Ж" мен "С" заңсыз есірткі айналымына қатысты әрекеттері әшкере болудан қорқып, қылмыстарын жасыру мақсатында "Ж" "Н" және өздерімен оны байланыстырып тұрған жәбірленуші "Т" полицияға заңсыз әрекеттерін айтып қоюының алдын алу мақсатында "Т" өлтіруді ұйымдастырып, оны іске асыруды "С" тапсырған. 13 қаңтарда сағат 17.00 шамасында олар "Т"-ны оңаша жерге алдап ертіп апарып, "С" пышақпен "Т"-ның денесіне бірнеше соққы жасап, қасақана өлтірген.

Сотталушылардың пікірі

Сотталушы "Ж" өзіне тағылған айыпты мойындамай, психотроптық заттарды дайындамағанын, сақтамағанын, "С" әрекеттерінен хабарсыз екенін, ешкімді өлтірмегенін, "С"-ға ондай тапсырма бермегенін, "С" жәбірленуші "Т"-ны өлтіріп тастағанын білмегенін, қылмыстарға қатысы жоқтығын көрсетті.

Сотталушы "С" өзіне тағылған айыпты мойындамай, психотроптық заттарды дайындамағанын, сақтамағанын, гаражды тіс протездерін дайындауға пайдаланғанын, жәбірленуші "Т"-ны танымайтынын, оны өлтірген "Ж" екенін көрсетті.

Тағайындалған жаза

ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясындамүлкi тәркiленiп, 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың бұрын сотталмағандары, жас балаларының болуы танылды.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай тапқан жоқ. Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, оларға 19 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандардан жәбірленушілер пайдасына әр қайсысынан 10 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer