28 ақпан 2022 | 13:43

Ақтөбеде несиелік амнистияға көмектесемін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде несиелік амнистияға көмектесемін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде несиелік амнистияға көмектесемін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды. Бұл туралы Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы Ақтөбе тұрғынына қатысты негізгі іс жүргізу шешімдерін келісті. Ол несиелік амнистия туралы жалған ақпарат таратып, кредитті толық кешіртуге көмек көрсетемін деп уәде беріп, екі әйелді кредит алуға көндіріп, жәрдем көрсеткені үшін алынған кредит сомасының 40 пайызын алған.

Несие алу үшін әйел жәбірленушілерді Қарағандыға шақырған. Жәбірленушілердің әрқайсысы бір күнде бес банктен 10 миллион теңгеден аса сомаға несие алған", - деп хабарлады Дәулембаев Facebook-те.

Арада бірер ай өткен соң ешкімнің несиесі кешірілмейтіні белгілі болған соң, жәбірленушілер полицияға жүгінген.

Күдіктіге іздеу жарияланды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

"Полицияға осыған ұқсас алаяқтық дерегі бойынша басқа да өтініштер келіп жатыр, осыған байланысты біз тек ресми ақпаратқа сену керектігін ескертеміз", - деп қосты Дәулембаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети