Ақтөбеде оқушы студентке қоқан-лоқы көрсетіп, несие рәсімдеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: Тengrinews

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне телефон сатып алу үшін студентті қорқытып, несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, полиция бөліміне 17 жастағы колледж студентінің ата-анасы тонау туралы арыз жазған. Айтуларынша, бейтаныс жігіт ұлын өзіне телефон сатып алу үшін 330 000 теңгеге онлайн несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

"Полиция қызметкерлері қаладағы мектептердің бірінің 11-сынып оқушысын ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілеумен жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны қарастырады", - деді полиция.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама