Ақтөбе қаласының №2 сотында А.Х. Абдраевқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 256-бабының 1-бөлігі бойынша ("Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру") қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыс сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың наурыз айында А.Х. Абдраев есімді азамат өзінің діни көзқарасын күрт өзгертіп, дәстүрлі ислам дінін ұстанушы таныстары С. мен А. есімді азаматтарға Сирия мемлекетінің аумағында болып жатқан соғыс жағдайын қозғай отырып, Ресей Федерациясының Сирия еліне жасаған антитеррорлық операциясына ызаланып, Ресей Федерациясының аумағында террористік акті жасауға шақырған.
Айта кетейік, сот жаза тағайындау кезінде оның жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жағымды мінезделетінін, айыпты мойындайтынын, өкінетінін, бұрын сотты болмағандығын ескереді. Сондай-ақ, сотталушының жазасын ауырлататын мән-жайлар сотта анықталған жоқ.
Сот ҚР Қылмыстық Кодексінің 55-бабының 2-бөлігі бойынша сотталушы А.Х.Абдраевтың жауаптылықтары мен жазаларын жеңілдететін мән-жайлардың болуын және жауаптылықтары мен жазаларын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, жасаған қылмыстары ауыр қылмыстар қатарына жататынын ескере отырып, оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 256-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің, яғни 7 жылдың үштен екісінен аспайтын жазаны, яғни мүліктерін тәркілеп, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны өтеу орны болып түзеу колониясының жалпы режимі белгіленді.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.