Ақтөбеде теракт жасағандарға қатысты сот үкімі шықты

28 Қараша 2016, 16:58
0
Ақтөбеде теракт жасағандарға қатысты сот үкімі шықты -

Ақтөбеде теракт жасағандарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Терактіге қатысқан жеті сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал тағы екеуі 25 және 22 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Осыған дейін мемлекеттік айыптаушы осы терактіге қатысы бар екі сотталушының мүлкін тәркілей отырып, 25 және 22 жылға дейін бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуді сұраған болатын.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы соттан қылмысты хабарламады деп айыпталған 18 сотталушыны кінәлі деп танып, олардың 13-ін 6 жылға дейін, төртеуін 4 жылға дейін, тағы бір сотталушыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай