Ақтөбеде терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттаған радикалдар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттаған радикалдар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, Ақтөбе қалалық №2 сотында 2016 жылдың 11 тамызында ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен, 174-бабының 1-бөлігімен айыпталған Мәжитов, Аманғожин және Тұрғанбаев адамдар тобы болып, телекоммуникациялық желілерін пайдалана отырып, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған және әлеуметтік және діни алауыздықты қоздырған.
"Сот Мәжитов, Аманғожин және Тұрғанбаевтың қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы бағыттап жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтың қауіптілігі мен сипатын ескеріп, Мәжитовке ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен, 174-бабының 1-бөлігімен қаралған қылмыстарды жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі бойынша - мүлкі тәркіленіп, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі бойынша - төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті өтеуге мүлкін тәркілеп, сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді", - делінген Ақтөбе облыстық сотының хабарламасында. Ал жазаны өтеу жері түзеу колониясының жалпы режимі деп белгіленді.
"Аманғожинге ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен, 174-бабының 1-бөлігімен қаралған қылмыстарды жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі бойынша - мүлкі тәркіленіп, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі бойынша - төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті өтеуге мүлкін тәркілеп, сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді", - делінген үкімде. Жазаны өтеу жері түзеу колониясының жалпы режимі деп белгіленді.
Ал Тұрғанбаевқа ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен қаралған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу жері түзеу колониясының жалпы режимі деп белгіленді. Мәжитов Төребай Бегімбайұлынан, Аманғожин Ерғожа Алжанұлынан, Тұрғанбаев Мейрамбек Серікұлынан мемлекет кірісіне кешенді сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптамаларының жүргізілуіне байланысты 53 834, 40 теңге іс-жүргізу шығындары - ынтымақты түрде өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.