Ақтөбеде түсірілген атышулы видеодағы егіз жігіт теракт жасалғалы жатыр деп хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбеде түсірілген атышулы видеодағы егіз жігіт теракт жасалғалы жатыр деп хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық ІІД өкілдерінің мәліметінше, биыл 29 шілдеде қалалық ІІБ 102 пультіне хабар түскен.
"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері хабар берген ер адам мен оның егізінен жауап алғысы келген. Бірақ олар есірткіге мас болып, ештеңе де түсіндіріп бере алмаған, онымен қоймай қоғамдық тәртіпті бұзып, былапыт сөз айтып, тәртіп сақшыларының сөзін елемеген", - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Екі жігіт келесі күні полицияға жеткізілгеннен кейін егіздің бір сыңары қашпақ болып, ІІБ-нің екі қызметкеріне тап берген.
"Осыған байланысты оларға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қалалық соты оларды әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, 30 шілдеде оларды полицияға жеткізу барысында егіздің бірі Ақтөбе қалалық ІІБ-нің екі қызметкеріне дене жарақатын салған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Келесі тексеріс барысында олардың деструктив салафит ағымын ұстанушылары екені анықталды", - деді облыстық ІІД өкілдері.