08 шілде 2021 | 14:57

Ақтөбедегі мектеп әжетханасында 7 жасар бала зорланды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ақтөбеде мектеп әжетханасында жеті жасар бала зорланды. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде мектеп әжетханасында жеті жасар бала зорланды. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің әжесінің айтуынша, орта мектептің төрт оқушысы оның немересін ұрып-соғып, оны қорлаған, ал мұғалімдер баланың шағымына мән бермеген. Зардап шеккен баланың отбасы кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп қорқады.

Телеарна мәліметі бойынша, баланың туыстары наурыздың басында сабақ бірінші ауысымға ауысқан кезде оның мінез-құлқы өзгергенін байқаған. Жеті жастағы бала жиі ашуланып, анасы мен әжесіне оны мектепке апармауын өтінеді. Ол тоғызыншы сынып оқушылары әжетханада ұрып-соғып, қолдарын бұрап, тепкілейтінін айтқан. Баланың ата-анасы сынып жетекшісіне бірнеше рет шағымданған. Бірақ одан нәтиже болмаған.

"Біз оны ұрып-соғады деп ойлап жүріппіз. Бір күні мектептен келгенде оны шомылдырмақ болдық. Бірақ бүкіл денесі ауыратынын айтып, қол тигізбеді. "Не болды?" деп сұрағанымызда ол бәрін айтып берді. Төрт жасөспірім оған қорқынышты дүние жасаған. Немерем тоғызыншы сынып оқушыларының бірі күзетіп тұрып, ал қалған үшеуі оны ұрып-соғып, зорлағанын айтты", - деді жәбірленушінің әжесі.

Әжесінің айтуынша, немересі сабаққа кешігіп кіргенде мұғалімдерге әжетханада балалар ұрып-соққанын айтқан. Бірақ оған ешкім сенбеген. Баланың ата-анасы полицияға арыз жазып, бейнебақылау камераларынан жазбаларды зерттеуді талап етті. Мектепте жазба жүргізілмегенін айтып, құрал-жабдықтар жөндеуде деп жауап берген.

"Мен немеремнен неге маған бәрін айтпағанын сұрадым. Олар қорқытқан екен. Біреуге айтса басын жұлып аламыз деген. Олар: "егер бізді соттаса, онда сен бізбен бірге түрмеде отырасың", - деді. Ол әлі кішкентай. Не болатынын түсінбейді", - деп қосты әйел.

Полиция деректі Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлады. Сот сараптамалары тағайындалған. Жергілікті полиция бастығының орынбасары Рафаэль Жанұзақовтың айтуынша, қылмыстық іс Ақтөбе облысы полиция департаментінің бақылауына алынған.

Бірінші сынып оқушысының анасы мен әжесі балалар омбудсмені Аружан Саиннан көмек сұраған. Олар іс қаралмай жабылып қалады деп қорқады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети