Ақтөбедегі мектеп түлегінің өлімі: Күдікті оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

Ақтөбеде 18 жастағы "Алтын белгі" иегері Бекназдың соты басталды, ол кәмелет жасқа толмаған мектеп түлегін өлтірді деген күдік бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 18 жастағы "Алтын белгі" иегері Бекназдың соты басталды, ол кәмелет жасқа толмаған мектеп түлегін өлтірді деген күдік бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" порталына сілтеме жасап.

Сотта Бекназ оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. "Мен Азатты өлтірмек түгілі, дене жарақатын да салғым келген жоқ. Мен қылмыс жасағанымды мойындаймын, бірақ мен адамды қасақана өлтіруге баратын адам емеспін", - деді ол.

Күдіктінің айтуынша, 25 мамырда олар сыныптастарымен және ата-аналарымен демалыс орнында демалған, ол жерде қаланың көптеген мектебінің түлектері болыпты. Екі күннен кейін Бекназға Instagram арқылы Азат деген бейтаныс баладан хабарлама келген, ол демалыс орнында аяғын басып кеткенін жазған. Бекназ кешірім сұраған, бірақ Азат балағаттапты. 15 шілдеде Азат пен Бекназ "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау салтанатында кездескен. Екеуі арадағы мәселені оңаша шығып шешпекші болыпты.

17 шілдеде Бекназдың ата-анасы Мұғалжар ауданына үйлену тойға кеткен. Ол достарымен және қыздармен қалада қыдырып жүріпті. Олар Түргенев көшесімен кетіп бара жатып, бір топ жігітті көреді. Олардың арасында Азат та болған, ол Бекназды оңашада сөйлесуге шақырыпты. Жігіттер жатақхананың ғимаратына кеткен. Төбелес кезінде Азат Бекназдың анасын балағаттаған. Сол сәтте күдікті еңкейіп қалып, қалтасынан пышақ түскен. Ашу үстінде ол пышақты алып, ары қарай не болғанын білмейді. Осыдан кейін ол досымен бірге такси ұстап, кетіп қалған. Келесі күні Бекназ Азаттың ауруханада қайтыс болғанын білген.

Қайтыс болған жігіттің әкесінің айтуынша, Азат - отбасындағы төрт баланың үлкені және оны атасы мен әжесі тәрбиелеген. "Азат өте тәрбиелі болатын, мінезі ашық еді. Адам өлген соң оның артынан кез келген жамандай алады. Менің ұлым балағат сөз айтпайтын, жанжалға арандамайтын. Азат көшеге сирек шығатын, футболға қызығатын. Сол күні ол достарымен бірге футбол көруге барған. Матчтан кейін мен оған қоңырау шалдым. Телефонды басқа жігіт көтерді, ол оның пышақталғанын айтты", - деді ол сотта.

Еске сала кетейік, 17 маусымда №19 мектептің түлегі Азат Дүсіпов "Ақтөбе" - "Ордабасы" футбол ойынан кейін өлтірілген.

Оқиға кезінде Бекназ 17 жаста болған, бірақ айыптау актісі ол 18 жасқа толған күні берілді. Ол ювеналдық емес, мамандандырылған қылмыстық сотта сотталып жатыр, ол жерде жасына қарай жеңілдік берілмейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.68  course down  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro