19 шілде 2023 13:20

Ақтөбедегі түнгі клубта екі адам өлтірілген: іс сотқа жолданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: POLICE_of_KZ Фото: POLICE_of_KZ

Ақтөбедегі түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбедегі түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, былтыр қазанда Ақтөбе қаласында "Елек" өзені жағасында орман алқабында зорлықпен өлім белгілері бар екі ер адам өлі табылды.

"Сол күні №3 қалалық полиция бөлімі ҚК-нің 99-бабы, 1-тармағының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеуді бастады. Жүргізілген тергеу іс-шараларымен 16 адам анықталды және ұсталды, барлығы қамауда", - делінген хабарламада.

Оларға бірқатар әрекеттер, соның ішінде бұзақылық ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы топтағы екі немесе одан да көп адамды өлтіру сараланған.

"Қазіргі уақытта "Миллиардер" түнгі клубы жабық, түнгі клубтың жалдаушысы қамауда. Биыл 17 шілдеде облыс прокуратурасымен іс бойынша айыптау актісі жасалып, қылмыстық іс сотқа жолданған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети