01 тамыз 2016 | 18:24

Ақтөбелік депутат Өндіргеновке қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© timeskz.kz © timeskz.kz

Ақтөбелік депутат Өндіргенов 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік депутат Өндіргенов 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 01 тамыз 2016 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 190 бабының 4 бөлімінің 2 тармағымен алаяқтық, яғни мемлекеттік бюджетті адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен,алдау арқылы, аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған "Емшан Компаниясы - EmshanCo" заңды тұлға бірлестігінің президенті - Өндіргенов Мейіржан Сағидоллаұлы 4 жыл мерзімге, компанияның вице-президенті Әділов Ербол Өтегенұлы 3 жыл мерзімге, бас бостандықтарынан айрылып, жаза өтеу орны жалпы режимдегі түзету колониясы белгіленген. Оларға аталған үкіммен мүліктері тәркілеу қосымша жазасы тағайындалған", - делінген үкімде. 

Сонымен қатар, Өндіргеновтың үйінде, жұмыс орнында және банк есепшоттарында табылған және алынған 3 миллион 292 мың 178 АҚШ доллары, 1 миллион 811 мың 654 еуро, 161 791 теңге, 326 300 ресей рублі және банк есеп шотындағы 84 миллион 583 мың 480 теңге, 89 мың 259 АҚШ доллары сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, 900 миллион 542 мың теңге көлемінде келтірілген залалды жабу үшін және мемлекет пайдасына өндірілетіні белгілі болды.

Өндіргеновтың сотталуына байланысты, сот ҚР Президентінің атына оны мемлекеттік наградасынан ("Құрмет" ордені) айыру туралы ұсыныс келтіріліпті.

Сот үкімі бойынша, Өндіргенов Е.У.Әділов, М.Х.Сәрсенбаев, К.К.Бурамбаев, К.Б.Қалиев, К.М.Айсағалиева және Е.Н.Аккуйшиндермен бірге адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен 2009 жылдың қаңтар айы мен 2015 жылдың сәуір айы аралығында "Ақтөбе қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлік және автомобильдік жолдар бөлімі" мемлекеттік мекемесін алдау арқылы субсидия ретінде берілген 900 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырып, мемлекеттік бюджетке аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, іс сотқа түскенге дейін тергеу барысында қылмыстың алдын ала тергеу органдарымен М.Х.Сәрсенбаев, К.К.Бурамбаев, К.К.Қалиев, К.М.Айсағалиева және Е.Н.Аккуйшин қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оларға қатысты қылмыстық істер өндірістен қысқартылған. Бұл шешім Ақтөбе облысының прокуратурасының келісімімен бекітілген.

Қылмыстық істі сапасыз жүргізгені үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы) және Ақтөбе облыстық прокуратурысының атына сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларға заң шеңберінде жауапкершілік мәселесін шешу үшін жеке қаулы шығарылды. 

"Сотта Өндіргеновтың ұйымдасқан топты құруы және оған басшылық етуі, сол сияқты оған "Автопарк" ЖШС-нің жұмысшыларының топқа қатысуы, яғни ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі бойынша тағылған айып өз дәлелін тапқан жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұйымдастырылған топтың құрылуы деп белсенді әрекеттердің негізінде нақты осындай топ құру танылады", - делінген соттың хабарламасында.

Іс материалдары бойынша, Өндіргенов өзінің келуіне дейін құрылған "Автопарк" ЖШС-нің құрылтайшысы және серіктестіктің жұмысшыларына жұмыс беруші болған. "Автопарк" ЖШС-нің директоры мен есепшілері жұмыстан босатылған соң олардың орнына басқа адамдар қабылданғаны қандай да бір ұйымдасқан топтың құрылғанын жоққа шығарады. Солай бола тұра, "Автопарк" ЖШС-нің директорлары мен есепшілері өздерінің қандай да бір ұйымдасқан топтың мүшесі ретінде болғандарын білмеген. Осылайша, Өндіргеновтың тарапынан қандай да бір ұйымдасқан топты құру мақсатында жасалған іс-әрекеттері сотта анықталған жоқ.

Өндіргенов пен Е.Әділовтің әрекеттерінде ұйымдасқан топтың белгілері болмағандықтан, айыптаудан ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша ұйымдасқан топтың алаяқтық белгілері алып тасталды.

"Сонымен қатар, сот талқылауында Өндіргеновті азамат П.-ны заңсыз бас бостандығынан айыру, одан 2 автокөлік, "АкЖол ЛТД" ЖШС-нің жарғылық капиталының 10 пайыз үлесін және пәтер құнын қорқытып алу, яғни ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы, 181-бабының 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша тағылған айып расталған жоқ. Бұл айып бойынша Өндіргенов азамат П-мен сөйлесу барысында болған куәлар сол кезде Өндіргеновтың тарапынан қандай бір заңсыз талаптар қойылғанын, яғни нақты қорқыту, зорлық-зомбылықтың болғаны расталмады. Куәгерлердің айтып көрсетуі бойынша, азамат П-ны ешкім еркіннен тыс ұстамаған, оған қатысты арнайы бейімделген заттарды қолданбаған және оның еркін тұрып-жүруіне, ол жерден кетіп қалуына бөгет болмаған", - делінген хабарламада. 

Кейін Өндіргенов пен аз. П. арасындағы мүліктік даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешілген. Мұндай жағдайда Өндіргенов пен аз. П арасындағы жанжалды сот өзара мүліктік және жеке бас араздылығының негізінде өш алу деп таныған.

Өндіргеновке тағылған ҚР ҚК-нің 218 бабының 3 бөлігінің "1, 2, 3" тармақтарында көзделген қылмыстық жолмен алынған ақшаны және /немесе/ өзге мүлікті заңдастыру /жылыстыру/ айыбы да сотта өз дәлелін тапқан жоқ.

"Автопарк" ЖШС-нің жеке шотына түскен субсидия, қолма-қол төлемей есеп айырысу жолымен жұмысшыларға жалақы төлеуге, салық және басқа да міндетті төлемдерге, жанар-жағар май материалдарына, қосалқы бөлшектерге және Автопарктың басқа да  мұқтаждарына сол бойда жіберілген, яғни бюджеттен түскен ақшаны қолма қол айналдыру немесе басқа түрмен  ақшаны заңдастыру деректері анықталамаған.

Осы аталғандар негізінде сот Өндіргеновке тағылған, яғни ұйымдасқан топ құру, оны басқару, бөтеннің затын қорқытып алу, бас бостандығынан заңсыз айыру, қылмыстық  жолмен алынған ақшаны және  /немесе/ өзге мүлікті заңдастыру, Адиловке тағылған ұйымдасқан топқа қатысу  айыптары  өз дәлелін тапқан жоқ деген тұжырымға келген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Мейіржан Өндіргенов 30 мамырда аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети