Ақтөбелік жігіт жарты сағатта үш рет қылмыс жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік жігіт жарты сағатта үш рет қылмыс жасаған Фото: kavkaz-uzel.eu

Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны 30 минутта үш рет ұрлық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны 30 минутта үш рет ұрлық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6 тамызда күндік Ақтөбе тұрғыны қаладағы Әйтеке би көшесінде 35 жастағы әйелдің бір қорап темекісін ұрлап кеткен. Кейін ол дүкеннің маңайынан өтіп бара жатып, 52 жастағы әйелдің iPhone 8 телефонын күшпен тартып алған. Шығынның көлемі 200 мың теңгеден асады", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция мәліметінше, күдікті зейнеткердің құлағындағы сырғасын да тартып алмақ болған. Алайда оның бұл ойы жүзеге аспаған.

Сондай-ақ, 24 жастағы жігіт 15 минуттан соң Әйтеке би көшесіндегі дәмхананың кассасынан ақша ұрлаған. Шығынның көлемі - 13 мың теңге.

Тәртіп сақшылары күдіктіні дәмханадан ұстаған.

"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Актөбедегі уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети