07 қазан 2020 14:38

Ақтөбелік келіншектің бетін тіліп тастаған бұрынғы күйеуі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін тіліп тастаған ер адамға сот үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін тіліп тастаған ер адамға сот үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Ақтөбедегі №2 сотта онлайн режимінде қаралды. Үкімді судья Жанас Қуанышев шығарды.

"2020 жылы 14 наурызда Бекенов бұрынғы әйелі жұмыс істейтін кафеде жанжалдан кейін алкогольге мас күйінде оны еденге құлатып, денесі мен бетіне көптеген соққы жасаған, содан кейін пышақпен беті мен білектерін бірнеше рет тілгені анықталды.

Бекеновтің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және сарапшылардың қорытындыларымен толық дәлелденді.

Жәбірленуші сотталушыны кешірді, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алайда сот әйелге жасалған қылмыстың қатыгездігін, бетіне жара қалдырғанын ескерді. Алкогольдік мас күйін ауырлататын мән-жай ретінде таныды. Осыған байланысты сот Бекенов қоғамға қауіп төндіреді және оны оқшаулау керек деген қорытындыға келді.

Сот Бекеновті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп, кінәлі деп тапты.

Сот үкімімен Бекенов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді судья.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны бұрынғы жұбайы бетін тіліп тастағанын мәлімдеген. Келіншектің айтуынша, оқиға 13 наурызда оның жұмысында болған. Ол сусындар құятын дүкенде бармен болып істейді. Оның сөзінше, күйеуімен 2018 жылы ажырасқан. Олардың кәмелетке толмаған қызы бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети