03 сәуір 2017 | 09:44

Ақтөбелік мектеп оқушысы әкесінің өлімін видеоға түсіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes © aktobetimes

Ақтөбеде үш бала туған әкесінің өлімінің куәгері болды. Үлкен ұлы қайғылы оқиғаны тіпті видеоға түсіріп алған, - деп жазады "Ақтөбе Таймс".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде үш бала туған әкесінің өлімінің куәгері болды. Үлкен ұлы қайғылы оқиғаны тіпті видеоға түсіріп алған, - деп жазады "Ақтөбе Таймс".

Оқиға биыл 4 қаңтарда Мельниченко отбасында болған. "Отбасында төрт бала мен анасы бар. Әйел балаларымен өзі тұрады, ал әкесі анда-санда балаларын көруге келіп тұрады. Қайғылы оқиға болған күні Сергей балаларына онымен бірге қонаққа барып қайтуларын сұрайды. Содан Наталья үш ұлын әкесімен бірге жібереді. Ұлдары кішкентай емес, 8,6 және 1-сыныпта оқиды. Балалар қонаққа барған соң, онда теледидар көріп отырады. Содан олардың қасына сол пәтердің иесі Виктор мен әкесі келіп отырған. Сондай-ақ, ер адамдар ішіп отырған. Шамамен сағат 23.00-де Наталья балаларды алып кету үшін сонда келген", - деп жазады басылым.

Кейінірек, мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Викторда Сергейге деген қызғаныш пайда болады. Себебі Сергейдің әйелі, балалары бар. Содан ол асүйге барып, сонда біраз уақыт отырған. Бірде ол қолына пышақ ала жүгіріп, Сергейге пышақ тығып жіберген.

Мұның барлығын сонда отырған үш баласы да көрген. 8-сыныпта оқып жүрген Евгений осы кезде ұялы телефонындағы видеокамераны қосып қояды. "Мен камераға өзім түсіре бастадым. Қорқып кеттік, содан шындықты дәлелдеу үшін камераға осы оқиғаның 10-15 секундын түсіріп алдым. Бірінші рет пышақ салған сәттен бастап түсірдік. Содан әкем орнынан тұрған сәтте Виктор одан былай деп сұрады: "Сенің өмір сүргің келе ме, жоқ па?" Кейін ол оған тағы екінші рет пышақ салды...", - деп айтып берді сот залында Евгений Лобанов.

"Ол бізге де бірдеңе істей ме деп қорықтық", - дейді Лобанов.

Содан жарақат алған Сергей пәтерден шығып бара жатқан сәтте оған салынған пышақ түсіп кетеді. Қатты қорқып қалған әйелі мен балалары заттарын алып, әкесіне қарай жүгіре бастаған. Үш баланың анасы көршілерге хабарлап, жедел жәрдем шақыруларын сұраған. Бірақ ер адам қайтыс болған.

Енді сот Сергейдің өмірінің соңғы сәті түсірілген видеожазбаны қарайтын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети