Ақтөбелік тұрғын "тергеуші" қоңырауынан кейін 13 миллион теңгесінен айырылып қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік тұрғын "тергеуші" қоңырауынан кейін 13 миллион теңгесінен айырылып қалған © elements.envato.com

Ақтөбе іргесіндегі Алға қаласының тұрғыны өздерін полиция және банк қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтардың қоңырауынан кейін 13 миллион теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе іргесіндегі Алға қаласының тұрғыны өздерін полиция және банк қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтардың қоңырауынан кейін 13 миллион теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Алдымен белгісіз біреу ер адамға телефон соғып, өзін астаналық тергеушімін деп таныстырған. Ол алаяқтар атына несие рәсімдеп жатқанын айтып, банк менеджерінің айтқанын орындауды сұраған. Бірнеше минуттан кейін менеджер қоңырау шалып, SMS-кодты айтуды сұраған. Ер адам кодты беріп, осылайша 13 миллион теңгесінен айырылып қалған.

Алаяқтардың жеке басы анықталып жатыр.

"Полиция да, банк қызметкерлері де банк шот деректерін немесе жеке деректерді растауды ешқашан сұрамайтынын есте ұстаған жөн. Егер сізге банк қызметкері немесе полицейлер осылай қоңырау шалса, телефон тұтқасын қойып, мәліметтерді анықтау үшін банкке хабарласу ұсынылады", - деп ескертті полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети