Ақтөбеде көңілдесімен түсірілген интим видео үшін тұрғыннан төрт миллион талап еткен бопсалаушылар сотталды, - деп хабарлайды "Диапазон".
Ақтөбеде көңілдесімен түсірілген интим видео үшін тұрғыннан төрт миллион талап еткен бопсалаушылар сотталды, - деп хабарлайды "Диапазон".
Зардап шеккен ер адам қаладағы үлкен цехтардың бірінің басшысы болып шықты. Ер адам өзінің қоластындағы қызметкерімен көңіл қосып жүрген екен. Кейде олардың кездесулері басқа қызметкердің үйінде өтіп жүрген. Содан ол үйдің иесі басшысының кіммен кездесіп жүргенін білгісі келіп, бөлмеге видеобақылау орнатқан. Содан олардың көңіл көтергенін видеоға түсіріп алған.
Осылайша видеожазба бөтен адамдарға тарап кеткен. Содан ақша бопсалаушылар Ерлан мен Берік видеоның кейіпкерін іздей бастаған, бастапқыда оған флеш-жинақтаушы арқылы беріп жіберген, ал кейіннен бұл видеоның барлығына таралатынын айтып, қорқытқан. Бопсалаушылар мұндай жағдайға жол бермес үшін ер адамнан төрт миллион теңге талап еткен. Алайда ер адам мұндай ақшаны таба алмаған. Кейін олар видеоны оның көңілдесіне жолдаған. Яғни, бопсалаушылар қызға егер де оның басшысы талап еткен ақшаны бермейтін болса, бұл видеоның басшылыққа және отбасыларына дейін жететінін айтқан.
Содан ер адам ақша таба алмай, полицейлерге хабарласқан. Полицейлер күдікті Ерлан мен Берікті ұстады. Сотта екеуі де кінәсін мойындады. Айта кетейік, зардап шеккен ер адам олардың істеген әрекеттерін кешіргенін айтып, бостандыққа жіберуін сұрады. Сот оның айтқанын ескеріп, оларға ақша бопсалағаны үшін шартты түрде жаза алты жылға дейін бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.