Әл-Бейне Зарипованы айуандықпен өлтіру оқиғасы: сот үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Бейне Зарипованы айуандықпен өлтіру оқиғасы: сот үкім шығарды Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда сот Әл-Бейне Зарипованың айуандықпен өлтірілуіне қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сот Әл-Бейне Зарипованың айуандықпен өлтірілуіне қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімі бойынша, Әл-Бейне Зарипованың бұрынғы күйеуі қасақана кісі өлтіргені және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.

Еске салайық, Әл-Бейне Зарипованы қатыгездікпен өлтіру туралы резонанс тудырған іс бойынша сот тамыздың ортасында басталды. Айыпталушы тарапта - марқұмның күйеуі. Мемлекеттік айыптаудың мәліметі бойынша, 2024 жылдың 31 қаңтарында сағат 03:30 шамасында Зарипов Алматы әуежайында Дубайдан ұшып келген әйелімен кездесіп, онымен бірге үйіне қайтқан. Онда ер адам қызғанышқа байланысты жанжал кезінде жұбайына көптеген пышақ жарақаттарын салып, әйел сол жерде қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети