Алаяқ әйел кәсіпкерлердің миллиардқа жуық теңгесін жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқ әйел кәсіпкерлердің миллиардқа жуық теңгесін жымқырған ©Тұрар Қазанғапов

Алаяқ әйел қазақстандық бизнесмендерден миллиард теңгеге жуық қаржы жинап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқ әйел қазақстандық бизнесмендерден миллиард теңгеге жуық қаржы жинап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орал қалалық сотында өзгенің аса ірі көлемдегі мүлкін жымқырды деп айыпталып отырған азаматша Хакалоға қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот қарауы басталды. Тергеу органдары Хакалоны алдау және сенімге кіру жолымен өзгенің жалпы сомасы 885 млн 522 мың 255 теңге болатын мүлкін жымқырып, меншік иелеріне аса ірі көлемде шығын келтірді деп айыпталып отыр", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

"Прагма" халықаралық корпорациясында кеңесші лауазымында тәжірибе жинаған Хакало ақша жымқырудың қылмыстық амалын ойластырған. Ол USAID халықаралық ұйымының атынан қазақстандық жеке кәсіпкерлік субъектілерімен қаржылық көмек көрсету жөнінде жалған грант келісімдерін жасаған. Ал шын мәнінде бұл келісімдерге халықаралық ұйымның ешқандай қатысы жоқ.

Алаяқ әйел жеке және заңды тұлғалармен жалған грант келісімшарттарын жасап, түрлі компаниялардан салым түрінде ақша алып отырған. Бір кәсіпкерден алынған қаражатты басқа кәсіпкерлерге сенім қорын қалыптастыру ретінде аударған, сөйтіп, ақшалай гранттардың аударылуын көрсете отырып, сонымен бірге, олардың алдындағы қарызды да көбейте түскен. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети