Алаяқтар прокуратура қызметкерінің кейпіне еніп ақша талап еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар прокуратура қызметкерінің кейпіне еніп ақша талап еткен Тengrinews © иллюстрацияcы

Астанада алаяқтар балабақша меңгерушісіне қоқан-лоқы көрсетіп ақша талап еткен,- деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада алаяқтар балабақша меңгерушісіне қоқан-лоқы көрсетіп ақша талап еткен,- деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана қалалық құқық қорғау органдарына мәлім болғандай,  белгісіз тұлға өзін прокуратура қызметкері ретінде таныстырып, балабақша меңгерушісінен ақша талап еткен.

"Балабақша меңгерушісіне өзін "прокуратура қызметкерімін" деп таныстырған адам ол басқаратын балабақшаға прокурорлық тексеру жүргізілетінін, тексеру ойдағыдай оңды нәтижемен аяқталуы үшін 100 мың теңге ақы беруі қажеттігін айтқан" - дейді құқық қорғау саласының баспасөз қызметі.

Бұған қоса баспасөз қызметі хабарлап отырғандай өзін "прокуратура қызметкерімін" деп таныстырған адам аталмыш балабақша меңгерушісіне Астана қалалық білім басқармасы да балабақшаларды тексеуді жоспарлап отырғанын, ол тексеру тізімінен балабақшаны алып тастау үшін тағы да қосымша сыйақы беруі керектігін айтқан. 

Бас прокуратура қазір алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұған қатысты Бас прокуратура өкілдері жұртшылыққа алаяқтардың арбауынан сақ болуды ескертуде. Егер күдікті әрі белгісіз телефон қоңыраулары түссе, Бас прокуратураның 71-26-20 сенім телефонына хабарласуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети