Алаяқтар ШҚО тұрғындарының атынан миллиард теңгеге кредит алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар ШҚО тұрғындарының атынан миллиард теңгеге кредит алған

Құқық қорғау органдары ШҚО-дағы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" филиалының бір миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

700-ден аса тұрғын зардап шеккен. Олардың атынан кредит рәсімделген. ШҚО прокуратурасының мәліметінше, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" филиалының өкілдерінің бірі қылмыстық топ құрып, ауыл шаруашылығымен айналысатын бизнесмендерге субсидиялауға бөлінетін бюджет қаражатын жымқырғысы келген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әр жылдары әр облыстың тұрғындарының атынан кредит алынған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз рөлдерін анықтап алған: біреу "кредит алушының" мәліметтерін іздеген, біреу кредит алуды рәсімдеумен айналысқан, біреу алынған қаражаттың мәселесімен айналысқан. Тексеру органдарын шатастыру үшін қылмыстық топтың мүшелері Жарма ауданының тұрғынының атынан Абай ауданындағы бизнестің дамуына кредит рәсімдеген", - деді ШҚО прокуратурасындағылар. 

Бұл қылмыстық топтың жоспары сегіз жылдан бері жұмыс істеп келген. Сондықтан қарыздарды қайтаруға көп уақыт қажет болған.

Ресми мәлімет бойынша, мемлекетке миллиард теңгеден аса шығын келген. Тергеу облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовтың бақылауында. Осы дерек бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети