05 мамыр 2014 11:50

Алаяқ әйел алматылықтарға 65 миллион теңге "қайтарымсыз" несие рәсімдеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы қаласы ІІБ баспасөз қызметі ©Алматы қаласы ІІБ баспасөз қызметі

Алматыда 65 миллион теңге соммасында "қайтарымсыз" несие ресімдеді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 65 миллион теңге соммасында "қайтарымсыз" несие ресімдеді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ұсталған азаматша екінші деңгейлі банктерде ықпалды байланыстары барын айтып, потенциалды клиенттерге қайтарымсыз тұтыну несиесін алып беруге көмектесуге уәде берген. "Ол азаматтардың сеніміне өте оңай кірген. Сонымен бірге ол банктерде өзінің ықпалды таныстары бар екенін айтып, пиғылының таза екеніне сендіріп, еш өтеусіз несие алуға көмектесетінін айтқан. Мысалы, Алматының бір тұрғыны, 1983 жылы туған азаматша оның сөзіне сеніп, өзінің атына бірден бес банкте жалпы сомасы 13 млн 818 мың 299 теңгеге несие рәсімдеген", - дейді Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы, полиция майоры Жанболат Зиадин

Дәл осындай сомаға осыған ұқсас әдіспен тағы бір жергілікті тұрғын алданды. Оның атына алаяқ әйел бірден төрт банкте несие рәсімдеген. Барлық жағдайларда алаяқ банктердегі ақшаны қайтарудың қажеті жоқ екенін айтып сендірген. Сыйақы ретінде ол өз жәбірленушілеріне алынған соманың тек бестен бірін ғана беріп отырған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, алаяқтың іс-әрекетінен алты адам зардап шеккен. Келген шығын көлемі 65 млн теңгеден асады.

"Тексеріс жалғасып жатыр, демек, алаяқтың алдауына түсіп қалғандар саны артуы мүмкін. Бұл ретте біз азаматтарға оның суретін көрсетіп отырмыз және ол суретке өте мұқият қарауға шақырамыз. Егер бұл азаматшаның құқыққа қайшы әрекетінен жәбір көрсеңіз, онда міндетті түрде мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-43-93 және 254-40-12",- деп атап өтті майор Ж.Зиадин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети