Алаяқ бес облыс тұрғындарын алдап-соққан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқ бес облыс тұрғындарын алдап-соққан Фото: elements.envato.com

Түркістанда бес облыстың тұрғындарын алдап кетті деген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда бес облыстың тұрғындарын алдап кетті деген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, Түркістанда полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, әйел WhatsApp арқылы "Криптовалюта" атты топ құрып, ақшаңды еселеп беремін деп алып, қайтармай қойған.

"Алаяқ жәбірленушіден бас-аяғы 200 мың теңгеге жуық ақша алған. Деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша тіркеп, жедел жұмыстарды жүргізді. Яғни, әлеуметтік желілердегі жалған жарнамалар мен банктік есепшоттарды тексерді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде күдікті әйел тәулік ішінде анықталды. Ол 30 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру жұмыстары кезінде алаяқ бұдан бөлек 17 тұрғынды осындай жолмен алдап, ақшаларын алғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Алаяқ құрбандары - Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындары. Олар алаяқтың жалған сөзіне сеніп, бірнеше реттен 5 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін ақшаларын аударып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі - 2 миллионнан асады, деп жазды портал.

Қазіргі уақытта күдікті әйелге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети