Шымкентте алаяқ әйел өзін заңгер ретінде таныстырып, тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып бере алатынын айтқан. Ол алаяқтық жолмен 81 миллион теңгені иемденіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты Гүлфайрус Базарбайды ҚР ҚК-нің 4-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп таныды. Сот айыпталушының мүлкін тәркілей отырып, оны 6,5 жылға жалпы режимдегі түзеу колониясына кесті.
"2014 жылдың сәуір айынан Базарбай 43 адамның сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы көпқабатты тұрғын үйлерден пәтер алып беруге көмектесетінін айтқан. Әр кезде ол өзін облыстық әкімдіктің заңгері, облыстық прокуратура қызметкері, ОҚО ІІД қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде әрқалай таныстырып, зардап шегушілерден алаяқтық жолмен жалпы көлемі 81,4 миллион теңге болатын қаржыны алып, өз қажеттілігіне жұмсаған", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.
Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.