19 наурыз 2018 | 18:45

Алаяқтар Алматы тұрғынының атынан онлайн несие рәсімдеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Алаяқтар Алматы тұрғынының атынан онлайн несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алаяқтар Алматы тұрғынының атынан онлайн несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық  сотында талапкер М.-ның жауапкер О.-дан  моральдық залалды қалпына келтіру туралы талап арызы қараусыз қалдырылды.

"Талапкердің талап арызы жауапкерге онлайн түрде қарыз сома беру туралы  жүгінбенгендігі  және қарыз сома алмағандығында негізделуде. Белгісіз тұлғаның қарыз соманы алып, қайтармағандығынан талапкердің аты - жөні борышкерлер базасына енгізілген. Осыған байланысты талапкердің абыройы, несие тарихына және өзіне моральдық залал келтірілген", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Сот отырысында белгісіз тұлғаның әрекетінен екі тарапқа да зиян келтірілгені анықталды. Осыған орай, тараптар  құқық қорғау органына жүгіну арқылы зиян келтірілген тұлағаларды жауапкершілікке тарту үшін ортақ ойға келді. Жауапкер борышкерлер базасынан талапкер жайлы мәліметтерді алып тастау жауапкершілігін өз мойынына алып, ал талапкер соттан талап арызды қараусыз туралы сұрады. Тараптардың  ортақ келісімге келмегеніне қарамастан дауды алдағы уақытта бір-біріне хабарлау арқылы шешуге келісті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети